Анталияға тамыз айында көп турист келді

Анталияға 8 айда 162 елден 1 миллион 558 мың 737 турист келді.

1483435
Анталияға тамыз айында көп турист келді

Әлемнің ең маңызды туризм дестинацияларының бірі Анталияға 8 айда 162 елден 1 миллион 558 мың 737 турист келді.

Анталия губарнаторы Эрсин Языжы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында ең көп туристтің тамыз айында келгенін және осы айда келген турист санының 798 мың 524 ретінде тіркелгенін айтты.

Анталияға келген туристердің басым көп бөлімін орыстардың құрағанын білдірген Языжы "Ресейден  8 айда 483 мың 790 турист келді, бұның 336 мың 409-ы тек тамыз айында келді" деді.  

Екінші орынды болса Украинаның алғанын түсіндірген Языжы  278 мың 945 украиналық туристтің сенімді демалыс үшін Анталияны таңдағанын баяндады. Языжы өткен жылғы тамыз айының санақтарымен салыстырғанда Украина нарығында 25 пайыздық бір өсу болғанын атап өтті. 

Германия және Ұлыбританияның да Анталия үшін маңызды нарық екенін білдірген Языжы ең көп турист жіберген елдер қатарында 8 айлық санақ бойынша Германияның үшінші орынды иелегенін, ал тек тамыз айы санақтар бойынша Ұлыбританияның үшінші орынды иелегенін айтты. 

Губернатор Языжы қалаға келген турист саны бойынша кезекпен Польша, Беларусь, Голландия, Швеция, Румыния, Сербия және Францияның да алдыңғы қатарда орын алғанын мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар