Порттарымыз халықаралық жүлде алды

Анталия, Бодрум және Кұшадасы порттарына "Пандемия процесінде кәсіпорынға тәуелділігін көрсеткен Шығыс Жерорта теңізі Круиз порты" жүлдесі берілді.

1475824
Порттарымыз халықаралық жүлде алды

Анталия, Бодрум және Кұшадасы кемежайлары кәсіпорнына Жерорта теңізі Круиз Порттары одағы MedCruise  тарапынан "Пандемия процесінде кәсіпорынға тәуелділігін көрсеткен Шығыс Жерорта теңізі Круиз порты" жүлдесін берді.

Global Ports Holding Шығыс Жерорта теңізі аймақтық директоры Азиз Гүнгөр жазбаша мәлімдемесінде Түркияда Эгей порты Кұшадасы, Бодрум Круиз порты және Анталия Круиз порты кәсіпорындарын жұмыстандырғандарын ескертті.

Жерорта теңізі көлемінде 135 круиз портына өкілдік ететін Жерорта теңізі Круиз Порттары одағы MedCruise тарапынан өздеріне  "Пандемия процесінде кәсіпорынға тәуелділігін көрсеткен Шығыс Жерорта теңізі Круиз порты" жүлдесі берілгенін айтқан Гүнгөр жүлденің порттардың жаңа типті коронавирус процесінде жүргізген порттармен круиз фирмалары арасындағы диалог, өзара ынтымақтастық және коммуникация жұмыстары мен індетке қарсы көрсеткен сезімталдығы аясында берілгенін атап өтті.

Гүнгөр:

"Осы процестегі жұмыстарымыздың табысты болуындағы ең басты себеп кәсіптік ұйымдар, круиз фирмалары, денсаулық сақтау ұйымдары, мемлекеттік биліктер, порттар арасында күшті ынтымақтастық орнатуымыз болды. Осы бейімділікті жалғастыру арқылы круиз кәсіпорнының тіпті күшті болып, қайтадан жанданатынына сенеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар