Falcon 9 зымыраны құрлыққа оралды

SpaceX-тің «Экипаж айдаһары» ғарыш кемесін ғарышқа ұшырған Falcon 9 зымыраны құрлыққа оралды.

1428982
Falcon 9 зымыраны құрлыққа оралды

Америкалық зымыран және ғарыш кемесі өндірушісі SpaceX-тің НАСА астронавттары Роберт Бенкен мен Дуглас ХерлидіХалықаралық ғарыш станциясына (ISS) тасымалдаған «Экипаж айдаһары» ғарыш кемесін ғарышқа ұшырған Falcon 9 зымыраны құрлыққа оралды.

Компанияның әлеуметтік желісі Твиттерден жариялаған мәлімдемесінде қайтадан қолдануға болатын зымыранның 30 мамырдағы тарихи ұшырудан кейін, барып қонған Атлант мұхитындағы адамсыз жүзген платформаның 2 маусымда Флориданың Канаверал айлағына жеткені білдірілді. 

Мәлімдемеде Falcon 9-ды тасымалдаған жүзген платформаның айлаққа кіргенін көрсеткен суреті де бөлісілді.

SpaceX-тің «Экипаж айдаһары» ғарыш кемесімен шыққан сапары НАСА-ның  Space Shuttle бағдарламасын 2011 жылы тоқтатқаннан бері Америкадан жасалған тұңғыш адамды тасымалдаған ғарыш сапары болды. 



Ұқсас жаңалықтар