Түркиядан Дағыстан мен Ауғанстанға көмек

Түрік Қыызыл жарты ай қоғамы Сovid-19 эпидемиясымен күрес аясында РФ Дағыстан Республикасына медициналық көмек жолдады.

1421999
Түркиядан Дағыстан мен Ауғанстанға көмек

Түрік Қыызыл жарты ай қоғамы жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы ықпал еткен РФ Дағыстан Республикасына медициналық көмек тасымалдаған жүк көлігі бас қала Анкарадан жолға шықты.

Жәрдем материалдары 100 мың операциялық маска, 20 мың EN149 маска, 20 мың сақтандырушы киім, 22 мың қорғаушы көзілдірік, дәрі-дермек, 5 дана Түркияда өндірілген тыныс алу аппараты мен дезенфектантты қамтиды.

Басқа жағынан Түркия Ауғанстанның Герат пен Нимруз уәлаяттарында ораза айға орай 750 отбасына азық-түлік жәрдемі жасады.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Герат координаторы Али Эргун Чынар жәрдемдер жайлы жасаған мәлімдемеде жыл сайын ораза айында бүкіл әлемде әдеттегідей жүзеге асрылған азық-түлік жәрдемі бийыл одан ауқымды қолға алынды.

Чынар барлығы 40 тоннаны құраған 750 дана жәрдем пакетінің Герат пен Нимруз уәлаяттарындағы жанұяларға жеткізілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар