Түркия Қадір түнін Эйюпсұлтан мешітінде қарсы алады

Стамбул губернаторлығы Қадір түніне орай Эйюпсұлтан мешітінде бағдарлама ұйымдастырмақ.

1418763
Түркия Қадір түнін Эйюпсұлтан мешітінде қарсы алады

Губернатор Али Йерликая әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Қадір түнімізді қасиетті Эйюпсұлтанның мекенінде өткіземіз. Ахмет Өзхан, Дурсун Али Эрзинджанлы және Искендер Пала мырзамен бірге боламыз. 19 мамыр түні Түркия уақытымен 23.00-те басталатын бағдарлама радио, теледидар және әлеуметтік медиа арқылы тікелей эфирден таратылады. Бірге өткізуге шақырамыз» деді.

Қадір түні - бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Қадір сүресінде «Мың айдан да артық» деп аталған Қадір түні ораза айының 27-ші түні өткізіледі. Қадір сүресінде әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін таң атқанға дейін «Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», - деп баяндалады.



Ұқсас жаңалықтар