Қытай ғарышқа жасанды серік ұшырды

Қытайдың адамсыз ұшу сынағы үшін 5 мамырда ғарышқа жолдаған "Шынжоу" серігі орбитаға орналасты.

1412995
Қытай ғарышқа жасанды серік ұшырды

Қытайдың адамсыз ұшу сынағы үшін 5 мамырда ғарышқа жолдаған "Шынжоу" серігі орбитаға орналасты.

Қытайдың күндік хабар агенттігі Шинхуаның хабарына қарағанда "Long March 5B" зымыранымен Хайнан уәлаятындағы Ғарыш орталығынан ұшырылған серік күн панельдерін ашып, Жер шарымен байланыс орнатты. 

Қытай Авиациялық Ғарыш ғылымдары және Технология ұйымынан жасалған мәлімдемеде жасанды серіктің "Жоғары орбитада жұмыстану күйінде ұшып жүргені, өлшеу және бақылау байланыстарының қалыпты болғаны" білдірілді. 

Ресейде жасалған қызметкер тасымалдайтын "Союз" ғарыш серігінің дамытылған және күші арттырылған түрі болған 6 кісілік жасанды серік Қытайдың Жер шары орбитасында ғарыш станциясын құру жобасы үшін жетілдірілді.

Қытай 2022 жылы жасап бітіруді нысанаға алған ғарыш станциясы үшін орбитаға 4 рет адаммен сапар және 4 рет жүкпен сапар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар