Бүгін - қасиетті Бараат түні

Дін істері басқармасы төрағасы Бараат түнінде коронавирусқа қарсы бүкіл адам баласы үшін дұға жасауға шақырды.

1393068
Бүгін - қасиетті Бараат түні

Дін істері басқармасы төрағасы Проф. Др. Али Ербаш бүгін түнде атап өтілетін Бараат түнінде коронавирусқа қарсы бүкіл адам баласы үшін дұға жасауға шақырды. 

Али Ербаш Бараат түніне орай хабарлама жариялады. 

Бүгінгі түннің Алла Тағаланың шексіз рақымымен кешірім қақпалары ашылатын ерекше уақыттардың бірі екенін атап көрсетіп: “Қасиетті күн мен түндер Алланың ғибадаттарымызға қарымжы беріп, дұға мен тілектерімізді қабылдау, кешірілуімізге мүмкіндік беретін ерекше уақыттар” деді. 

Ербаш бүгінгі қасиетті түннің жаратылу мақсаты,  өзімізге, жаратушымызға, төңірегімізге және барлық жандыларға деген жауапкершіліктерімізді талқыға салып, жақсы өмір жолында жаңа бастамалар үшін маңызды себепші екенін білдірді. “Әсіресе Жер бетін торыған осы індетке қарсы өзіміз, халқымыз және бүкіл адам баласы үшін шынайы жалбарынып,  Аллаға дұға қылайық” деді ол. 



Ұқсас жаңалықтар