Эндрю Джек коронавирустан қайтыс болды

"Жұлдыз соғыстары" (Star Wars)  фильмінің актерлерінен Эндрю Джек жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті қайтыс болды.

1389448
Эндрю Джек коронавирустан қайтыс болды

"Жұлдыз соғыстары" (Star Wars)  фильмінің актерлерінен Эндрю Джек жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті қайтыс болды.

"Жұлдыз соғыстары" тізбекті фильмдерінің актерлерінен Эндрю Джектің менеджері Джилл МакКалло 76 жастағы ағылшын актердің астана Лондонның Суррей ауданында емделіп жатқан емханада қайтыс болғанын хабарлады. 

 Эндрю Джектің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті Австралияда карантинге алынған жұбайы Габирэл Жезус әлеуметтік желіден жариялаған мәлімдемесінде:

"Эндрю Джекке 2 күннің алдында жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті жұққаны анықталды. Қиналған жоқ және отбасындағылардың онымен "бірге" екенін сезініп, тыныштық ішінде өмірге көздерін жұмды" деді.  

Эндрю Джек "Жұлдыз соғыстары" (Star Wars)  тізбекті фильмінің "Жұлдыз соғыстары: Соңғы Жеди", "Бір Жұлдыз соғыстары хикаясы", "Жұлдыз соғыстары: Күш оянуда" атты фильмдерінде рол сомдады.

Эндрю Джек танымал ойыншыларға диалектке байланысты жетекшілік те жасайтын. 



Ұқсас жаңалықтар