Мұражайлар онлайн қызмет береді

Виртуалды саяхат арқылы тек Түркия емес,  бүкіл әлемдегі көптеген мұражайға баруға болады.

1380496
Мұражайлар онлайн қызмет береді

Коронавирустың жаңа түрімен күрес шеңберінде уақытша жабылған мұражайлар онлайн түрде қызмет береді. 

Виртуалды саяхат арқылы тек Түркия емес,  бүкіл әлемдегі көптеген мұражайға баруға болады.  Сонымен бірге мұражайлардағы жәдігерлер жөнінде кең мағлұмат ала аласыз. 

.Виртуалды саяхат арқылы сонымен бірге сарай, керуенсарай, қамал секілді мәдени және тарихи мекендерді де жақыннан тануға болады. 

Компьютер және телефон секілді технологиялық жиһаздармен қолжетімді онлайн мұражайлар мектептері жабылып қалған оқушыларға да пайдалы уақыт өткізу үшін көмектеседі.  

ТР Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты мұражай, сарай, мешіт, шіркеу, монастырь секілді тарихи мекендерге "https://www.ktb.gov.tr" адресі арқылы қол жеткізуге болады.



Ұқсас жаңалықтар