Әзірбайжанмен визасыз саяхат мерзімі 30 күннен 90 күнге ұзартылды

Түркияның Әзірбайжандағы өкілетті елшісі Эркан Өзорал екі ел арасында визасыз саяхат мерзімінің 90 күнге ұзартылғанын білдірді.

1367633
Әзірбайжанмен визасыз саяхат мерзімі 30 күннен 90 күнге ұзартылды

Түркияның Әзірбайжандағы өкілетті және төтенше елшісі Эркан Өзорал Түркия мен Әзірбайжан арасында визасыз саяхат жеңілдігінің 30 күннен 90 күнге ұзартылғанын білдірді.

Түркия мен Әзірбайжанның сауда  саласында екі жақты кеден салығы алынғанын және бұл жағдайдың кейбір салалардағы тауарларда бәсекелестік күшін азайтқанына себеп болғанын атап көрсеткен Өзорал бұл болымсыз жағдайды жою үшін Таңдамалы сауда келісіміне қол қойылғанын атап көрсетті.

Өкілетті елші Өзорал келісімнің қысқа мерзімде бекітіліп іске қосылатынын білдірді. Өзорал бұл келісімнің сауда ынтымақтастығына маңызды үлес қоуын күткендерін атап көрсетті.

Өзорал «Екі ел азаматтары бірі-біріне 30 күнге дейін туристтік мақсатты саяхаттай алады. Бұл мерзімді де 90 күнге ұзартамыз. Мұның нәтижесінде екі жақты барып келулер жеңілдейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар