Мәулана мұражайы өз рекордын жаңалады

2019 жылы 3 миллион 464 мың кісі келген Мәулана мұражайы соңғы 10 жылдағы өзінің сапарлаушылар рекордтын жаңалады.

1362752
Мәулана мұражайы өз рекордын жаңалады

Әлемге танымал Ислам ойшылы Мәулана Желаледдин Румидің күмбезі тұрған Кониядағы Мәулана мұражайы өткен жылы 3 миллион 464 мың кісінің тамашалауымен соңғы 10 жылдағы ең көп қонақ санына жетіп, өз рекордын жаңалады.

Жыл сайын төңіректің төрт бұрышынан келген миллиондаған турист қызыға көретін, тарих, мәдениет және сенім туризмінің маңызды мекеніне айналған Мәулана мұражайы Түркия көлемінде өткен жылы Аясофиядан кейін бір миллион 464 мың кісінің тамашалауымен екінші мұражай атанды. 

Иран, Қытай, Тайвань, Америка және Оңтүстік Кореяны қамтыған көптеген елдегі әр ұлттан адамдар ерекше қызыққан Мәулана мұражайын 2010 жылы бір миллион 644 мың, 2011 жылы бір миллион 733 мың, 2012 жылы бір миллион 565 мың, 2013 жылы 2 миллион 47 мың, 2014 жылы 2 миллион 110 мың, 2015 жылы 2 миллион 581 мың, 2016 жылы 2 миллион 98 мың, 2017 жылы 2 миллион 480 мың, 2018 жылы 2 миллион 817 мың кісі тамашалап қайтты.

2019 жылы 23 пайыздық артумен 3 миллион 464 мың кісі келген Мәулана мұражайы соңғы 10 жылдағы өзінің сапарлаушылар рекордтын жаңалады.



Ұқсас жаңалықтар