Тарихи жәдігерлер Анкарада көрмеге қойылады
Олар заңсыз жолдармен алып қашырылған болатын.
1361068
Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен Түркияға жеткізілген екі жәдігер Анкарада көрмеге қойылады.
Министрліктің мәлімдеуінше, алдынғы жылдары шетелге алып қашырылған және Ұлыбританияда анықталып, қайтарып алу процесі басталған жәдігерлер Түркияға жеткізілді. Осы жәдігерлердің бірі – Ыспартадан алып қашырылған Сидамара типті саркофаг, екіншісі - б.д.д. 3000-2000 жылдардан қалған Анадолының екі бұқалы арбасы.
Осы екі жәдігер Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой да қатысатын рәсіммен 19 қаңтар күні Анкарада Анадолы Өркениеттер мұражайына қойылады.
Ұқсас жаңалықтар
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі
Кеше ел көлемінде әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойланды.