Ең көп турист күткен мемлекеттер тізімі жарияланды
Түркия өткен жылы ең көп келушіні күткен 6-шы ел болды.
Бүкіләлемдік туризм ұйымы (UNWTO) 2019 жылдың ең көп турист күткен мемлекеттер тізімін жариялады. Осыған қарағанда Республика тарихының рекордын жаңартқан Түркия турист санын өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 14 пайыз өсіп, 52,5 миллион турист күтті.
Түркия әлемнің ең көп турист күткен елдер тізімінде 6-шы орын алды.
Аталмыш тізімде 90 миллионнан астам келуші санымен Франция бірінші орынды иеледі.
Францияның артынан 83,8 миллион келушімен Испания келеді. АҚШ 78,7 миллион адаммен үшінші, Қытай 67,5 миллион келушімен төртінші, Италия 64,6 миллион турист санымен 5-ші орын алды.
Түркияға қоса Мексика, Таиланд, Германия және Ұлыбритания да алғашқы 10 ел арасында.
Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстан ең жылдам өскен алғашқы 20 туристік бағыт тізіміне кірді.
Өткен жылдың ең көп турист жоғалтқан елі Гонконг болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі
Кеше ел көлемінде әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойланды.