Орыс аспаз түрік тағамдарын таныстыруда

Аспаз түрік тағамдары жайлы бір кітап жазуды жоспарлап отыр.

1329350
Орыс аспаз түрік тағамдарын таныстыруда
Rus sef Vorontsova.jpg
Rus sef Vorontsova.jpg
yemek lezzet mutfak.jpg

Орыс аспаз Елена Воронцова түрік асханасын орыстарға таныстыруда.

13 жылдан бері Анталияда тұратын аспаз түріктердің дәмді астары мен бай дәмдеуіш мәдениетін әлеуметтік желіде және шеберлік сағаттарында таныстыруда.

Отбасымен бірге Анталияда тұратын аспаз Елена Воронцова бір мезгіл аудармашы болып істегеннен кейін түрік асханасына қызығушылық таныта бастады. Уақыт өте аспаз деңгейіне жеткен Воронцова Анталиямен бірге Эгей, Қаратеңіз және оңтүстік шығыс аймақтарында зерттеу жүргізіп, түрік асханасымен жақыннан танысты.

Артынан әлеуметтік желіде берген рецепттері назар аударған орыс аспаз 2015 жылы Ресей және Түркияда тамақ әзірлеуден шеберлік сыныптарын өткізді. Орыстарға түрік тағамдарын түсіндірді, Мәскеуде өткен фестивальдерде түрік аспаздармен бірге тағам дайындады. Ол көптеген орыс аспазбен бірге тамақ пісіру бағдарламаларына қатысып,  түрік асханасын танытты.

Аспаз алдағы уақытта түрік тағамдары жайлы бір кітап жазуды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар