Түркия - орыс туристердің таңдаулысы

Орыстар Түркияны қатты ұнатады.

1279617
Түркия - орыс туристердің таңдаулысы

Теңіз, құм және күнімен баурап алатын,  ежелгі қалаларымен тарихта саяхат жасататын,  теңдесі жоқ шығанақтары, үңгірлері,  каньон және сарқырамаларымен сиқырлап алатын Түркия - әсіресе орыс туристердің таңдаулысы.

Демалыстарын жалпы Түркияда өткізетін орыстар әрі қонақжайлығы,  әрі барлық мүмкіндіктерді ұсынуы себебімен Түркияны қатты ұнатады.  Екі ел арасында байланыстарды нығайту үшін түрлі шаралар өткізілуде.

Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Алексей Ерхов Мугланың Бодрум ауданында биыл бесінші рет ұйымдастырылған Ресей Мәдениет күндеріне қатысты.

«Туризм секторының өкілдері өз арасында диалог құру, қатынастарды жалғастыру және ақылдасу мүмкіндігіне ие болды.  Болашақ үшін ортақ нысаналар айқындайды.  Орыс азаматтары Түркияны жақсы көреді.  Түркияны жақсы көрмеу мүмкін емес» деді ол.

Ресей туризм инвесторы Сергей Клюев те орыс азаматтары арасында Түркияның таңдаулы ел екенін айтты. Орыстардың Түркияны жазғы үйлері секілді сезінетінін білдірген Клюев: «Орыстар Түркияға келіп, демалады.  Бодрум концепті өзгеше.  Мақсат – Бодрумға дәулетті орыс азаматтарын әкелу. Түркия мен Бодрумда қауіпсіздік жоғары.  Түркияда біз өзімізді сенімді сезінеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар