Күрес чемпионаты аяқталды
Түрік палуандар греко-рим стилінде соңғы күні үш медаль алды.
Эстонияда өткен Бүкіләлемдік жастар күрес чемпионаты аяқталды.
Түрік палуандар греко-рим стилінде соңғы күні үш медаль алды.
Эстонияның бас қаласы Таллинде болған чемпионатта 60 келіде Керем Камал алтын медаль олжалады.
Бұл -оның жастар арасында үшінші әлемдік чемпиондығы.
82 келіде Доган Кая үшінші орын алып, қола медаль иеленді.
97 келіде Бейтуллах Кайышдаг да үшінші орын алды.
Греко-рим стильде бір алтын және 4 қола медаль алған Түркия 117 ұпаймен осы категорияда команда бойынша үшінші орын алды.
Түрік құрамасы чемпионатты бір алтын және 7 қоламен аяқтады.
Президент Режеп Тайып Ердоған Бүкіләлемдік жастар күрес чемпионатында алтын медаль алған Керем Камалды құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі
Кеше ел көлемінде әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойланды.