Жас музыкант - Түркияның мақтанышы

15 жасар Ария Нур Гүнеш Австрия және Украиана өткен халықаралық байқауларда бірінші орын алды.

1233570
Жас музыкант - Түркияның мақтанышы

Измир қаласында виолончель тартатын 15 жасар Ария Нур Гүнеш Австрия және Украинада өткен халықаралық байқауларда бірінші орын алды.

9 қыркүйек Университеті Мемлекеттік консерватория Музыка және балет мектебінде білім алатын Ария Нур шамамен бес жыл бұрын виолончель тарта бастады.

Ария Нур биыл Украинадағы ІІ Халықаралық жас скрипкашы, виолончель өнерпаздары байқауы мен Австрияда болған «Гран При Халықаралық музыка байқауында" өз категориясында жеңіп шықты.

Каунас Сонорум 2017 Жас музыканттар Халықаралық Музыка байқауында 18 елден келген 590 музыкант арасында Қазылар алқасы арнайы жүлдесін алған Ария 2018 жылы да Халықаралық виолончель байқауына қатысып,  бірінші орын алған еді.

Ол білімін бір жылдан бері Мадрид қаласында жалғастырып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар