Ауғанстанда Түркия мен СКТР-нан 8 университет таныстырылды

Кабулдағы "Түрік университеттерін Таныстыру жәрмеңкесінде" 8 университет таныстырылды

1228337
Ауғанстанда Түркия мен СКТР-нан 8 университет таныстырылды

Түркия мен Солтсүтік Кипр Түрік Республикасында жұмыс жасайтын 8 университет Ауғаныстанның астанасы Кабулда ұйымдастырылған "Түрік университеттерін Таныстыру жәрмеңкесінде" ауған оқушыларына таныстырылды. 

Түрік Әуе Жолдары демеуші болған және Turkey Study Center ұйымдастырған жәрмеңкенің беташарына қатысқан Түркияның Кабулдағы өкілетті елшісі Оғузхан Ертуғрул станттарды аралап лауазымдылардан мәлімет алды.

Turkey Study Center директоры Мұхаммед Аралы Түркия мен Солтсүтік Кипр Түрік Республикасында жұмыс жасайтын 8 университетпен бірге Ауғаныстанның астанасы Кабулда осы жәрмеңкені ұйымдастырғандарын айтты.

Ауғанстанның Түркияға студент жолдау тізімінде 5 орында екенін айтқан Аралы Кабулда тұңғыш рет өткізілген жәрмеңке арқылы ауған түлектерді Түркия мен Солтсүтік Кипр Түрік Республикасындағы университеттерде оқытуды қалайтындарын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар