Аргентина мен Чилиде Күн тұтылуын мыңдаған адам тамашалады

Оңтүстік Америка елдері Аргентина мен Чилиде толық Күн тұтылуын мыңдаған адам тамашалады.

1229168
Аргентина мен Чилиде Күн тұтылуын мыңдаған адам тамашалады

Аргентинада жергілікті уақытпен 16:30-да басталған және шамамен 2 сағатқа созылған тұтылу Сан-Хуан, Ла-Риоха, Сан-Луис, Кордоба, Санта-Фе және Буэнос Айрес штаттарынан анық көрінді.

Елдің бас қаласы Буэнос Айресте жабық ауарайы себепті анық көрінмеген тұтылуды тамашалағысы келгендер биік жерлерді таңдады.

Тұтылу ең нақты көрінген жерлердің бірі Сан-Хуан штатына әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 15 мың адам келді.

Күн тұтылуы Чилидің барлық аймақтарынан тамашаланды. Ең анық көрінген Кокуимбо аймағына 140 мың турист келді.

Чилиде де байқалған тұтылуды тамашалағысы келген ғалымдарға қоса араларында «Microsoft»-тың құрушысы Билл Гейтс де бар көптеген танымал адам Чилиге барды.

Чили президенті Себастиан Пинера мен жұбайы Сицилия Морел елдің Ғылым мен Технология министрі Андрес Кауве Сорреа және Білім беру министрі Марсела Кубиллос Сигалмен Күн тұтылуды Ла-Силла бақылау астрономиялық обсерваториядан тамашалады.



Ұқсас жаңалықтар