Қытай компаниясы әйелдерді Түркияға алып келді

Каппадокияға келген әйелдер Пері мұржаларын аралады.

1209766
Қытай компаниясы әйелдерді Түркияға алып келді
cinli turist kapadokya.jpg

Қытайдың бір косметика компаниясы мың әйелге Түркия демалысын сыйлады.  Дәстүрлі киімдерімен Каппадокияға келген әйелдер Пері мұржаларын аралады.

Әуе жолы арқылы Стамбулға келіп,  автобустармен Каппадокияға жеткен делегация өңірдің тарихи және туристік мекендерін қыдырды. Гөреме аймағындағы Кылычлар сайына келіп жеткен қызыл көйлек киген әйелдер тамаша көрініс қалыптастырды.

Пері мұржалары және табиғи жартастар арасында қыдырған қытайлық туристтер артынан қытай тілінде жазылған қағазбен бірге суретке түсті.

Стамбул,  Каппадокия, Анталия және Памуккалені қамтыған бір апталық саяхаттан кейін елдеріне оралатын туристтер Түркияның тарихи және мәдени жәдігерлеріне тәнті болды.



Ұқсас жаңалықтар