Түрік Әуе жолдары Палестинаға ынтымақтастық ұсынды

Түрік Әуе жолдары Палестина Туризм министрлігімен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

1208219
Түрік Әуе жолдары Палестинаға ынтымақтастық ұсынды

Палестина туризм министрлігі жазбаша мәлімдемесінде Туризм министрі Рола Маайиа Түрік Әуе жолдарының Таяу Шығыс аймағы сауда басқармасы төраға орынбасары Фатих Мұхаммед Дурмазбен басқыншылық астындағы Батыс Шерияның Бейтүлхалим қаласында бас қосқанын атап көрсетті.

Мәлімдемеге қарағанда Дурмаз кездесуде Түрік Әуе жолдарының Палестинаға жаңа турист топтарының келуіне үлес қосатындай ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Маайиа болса Палестина мен Түркия арасында ынтымақтастықтың әр салада мықты екенін мәлімдеді.

Палестина Туризм министрлігі мағлұматтарына қарағанда өткен жылы 130 мыңнан астам түрік азаматы Палестинаға туристік саяхат жасады.

Палестина жерін аралаған турист саны 2018 жылы болса 3 миллионнан асты.



Ұқсас жаңалықтар