Сүмела монастырын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші сатысы аяқталды

Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Надир Алпаслан Сүмела монастырын аралады.

1208350
Сүмела монастырын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші сатысы аяқталды

Төрт жылдан бері жалғасқан қалпына келтіру жұмыстары аяқталған Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Трабзондағы Сүмела Монастыры туристерге ашылды.

Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Надир Алпаслан Трабзон губернаторы Исмаиль Устаоғлу, Әділет және даму партиясы Трабзон депутаты Салих Джора және Трабзон муниципалитеті төрағасы Мурат Зорлуоғлу қалпына келтіру жұмыстарының көпшілігі аяқталған Сүмела монастырын аралады.

Алпаслан осында айтқан сөзінде Сүмела Монастырының Түркияның үлкен мәдени болмыстарының бірі екеніне назар аударып, қалпына келтіру жұмыстары аяқталған бірінші сатының келушілерге ашылғанын атап көрсетті.

Түркияның мықты және тарихи-мәдени болмысқа ие екеніне назар аударған Алпаслан министрлік ретінде осы болмысты жалғастыру, қорғау және болашақ ұрпаққа аманат қалдырудың ең үлкен жауапкершілік екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар