Чавушоғлуна Жапония императоры тарапынан "Көтерілген Күн ордені" берілді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна Жапония императоры Нарухито тарапынан "Көтерілген Күн ордені" берілді.

1206378
Чавушоғлуна Жапония императоры тарапынан "Көтерілген Күн ордені" берілді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна Жапония императоры Нарухито тарапынан "Көтерілген Күн ордені" берілді.

Дипломатиялық хабар көздерінің білдіруіне қарағанда, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Жапония императоры Нарухито тарапынан Түркия мен Жапония арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың дамуы және достықтың бекемделуі мақсатында көрсеткен талпынысына орай "Көтерілген Күн орденіне" лайық деп табылды. 

Жапонияның ең жоғарғы мемлекеттік ордені "Көтерілген Күн ордені"  алдағы күндерде министр Чавушоғлуна арнаулы рәсіммен тапсырылады.

Түркия-Жапония Парламенттер арасы Достық тобының төрағасы болған және министрлік міндетіндегі кезінде Жапонияның саяси саласымен жақын байланыс орнатқан Чавушоғлу жапон мәдениетіне қызығады және жапон тілін біледі.



Ұқсас жаңалықтар