Бокс Токио олимпиадасының құрамына алынды

2020 Токио олимпиадасында сайысатын боксерлер құрылатын арнайы комитеттің іріктеу сайыстарынан кейін анықталады.

1206460
Бокс Токио олимпиадасының құрамына алынды

Халықаралық Бокс одағының істерін тоқтатқан Халықаралық Олимпиада комитеті бокстың Токио 2020 олимпиадасында орын алуына шешім берді.

2020 Токио олимпиадасында сайысатын боксерлер олимпиада комитеті құратын арнайы комитеттің іріктеу сайыстарынан кейін анықталады.

Халықаралық Олимпиада комитеті төрағасы Томас Бах атқару комитетінің Лозаннадағы жиналысынан кейін баспасөзге мәлімет берді.  Бах Халықаралық олимпиада комитетінің Тергеу комиссиясының есебіне орай әлем боксының болашағына байланысты шешім мәлімдеді.

«Есептің нәтижесінде АОК Атқару комитеті 2020 Токио олимпиада ойындарында бокстың орын алуына шешім қабылдады.  Сондықтан боксерлердің олимпиадаға қатысуы үшін іріктеу жүйесі болады» деді ол.

2016 Рио олимпиада ойындарынан бері қиын кезеңнен өткен Халықаралық Бокс одағы жөнінде шешімді де мәлімдеген Бах ХОК-нің Лозанна қаласындағы жиналысында шешімнің қабылданғанын айтты. Халықаралық Олимпиада комитеті қалыптастыратын іріктеу комитетін Әлемдік Гимнастика федерациясының басшысы Моринари Ватанабе басқарады.



Ұқсас жаңалықтар