«Теңіз Курду - 2019» жаттығуы басталды

«Теңіз Курду - 2019» Анадолыны қоршаған үш теңізде 131 кеме, 57 ұшақ және 33 тікұшақтың қатысуымен басталды.

1199840
«Теңіз Курду - 2019» жаттығуы басталды

Республика тарихының ең үлкен жоспарлы «Теңіз Курду -2019» (Теңіз қасқыры) жаттығуы Анадолыны қоршаған үш теңізде (Шығыс Жерорта теңізі, Эгей, Қаратеңіз) 131 кеме, 57 ұшақ және 33 тікұшақтың қатысуымен басталды.

Бас Штаб Басқармасы төрағалығы жылдық жаттығу бағдарламасы аясында Теңіз күштері қолбасшылығы тарапынан жоспарланған және Теңіз соғыс орталығы қолбасшылығы тарапынан басқарылған жаттығу Қаратеңіз, Эгей және Шығыс Жерорта теңізі болып 3 теңізде бірдей уақытта алғаш рет жүзеге асырылады.

Операциялық деңгейде дайындық жаттығуларын «Көгілдір отан-2019» әскери жаттығуымен толықтырған Түрік теңіз күштері одан ауқымды күштердің қатысуымен жетілген, дағдарыс, соғыс кезеңі сценарийлері бойынша стратегиялық және операциялық деңгейдегі «Теңіз Курду -2019» (Теңіз қасқыры) жаттығуын жүзеге асыруда.

Шығыс Жерорта теңізінде орындалатын жаттығуға құрлық нысандары бомбалауымен «Шимшек» (найзағай) деп аталған жоғары жылдамдықтағы пилотсыз әуе көлігі мен «альбатрос» деп аталған ұшқышсыз ұшақпен су үстіндегі нысандар атқыланады.

Жаттығу 25 мамыр күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар