Әлемнің ең көне суға кеткен кемесі Парижде таныстырылды

ЮНЕСКО алдындағы Түркияның тұрақты өкілі Ахмет Алтай Дженгизер кемені Парижде таныстырды.

1199086
Әлемнің ең көне суға кеткен кемесі Парижде таныстырылды
turkiye gemi batigi unesco1.jpg

Әлемнің Түркияда су астындағы ең көне кеме қалдығы БҰҰ Оқу, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) Париждегі бас ғимаратында ұйымдастырылған конференциямен таныстырылды.

ЮНЕСКО-дағы Түркияның тұрақты өкілі өкілетті елші Ахмет Алтай Дженгизер ұйымдастырған конференцияға көптеген шетелдік қонақ қатысты.

3 мың 600 жыл бұрын суға кеткен кеме жайлы фотосуреттермен ақпарат бөлісілді.

ЮНЕСКО-ның Суасты мәдени мұраларын қорғауға жауапты лауазымдысы Улрике Гуерин бағдарламаның соңында айтқан сөзінде Түркияда әлемнің ең ескі суасты кеме қалдығының табылуын «толқытатын жағдай» деп атады.

Бағдарламада аталмыш кеме қалдығын танытқан бір бейне көрініс көрсетілді.

Шамамен бір ай бұрын Анталияның Кемер ауданында б.з.б. 1 мың 600 жылдық екені болжалған 14 метр ұзындығында кеме табылған болатын.

«Батыс Анталия суасты кемесі» деп аталған кеменің Кипрден батысқа қарай жүзіп жатқанда боран салдарынан жартастарға соқтығысып суға кеткені болжалады.

Осы жаңалыққа дейін «әлемнің ең көне суасты кемесі» деп Каштағы Улубурун суасты кеме қалдығы аталатын.



Ұқсас жаңалықтар