Ұшақ жолаушыларына Стамбулда тегін саяхат

Түрік Әуе жолдары "Touristanbul" жобасы шеңберінде транзит жолаушылардың қаланы тануына мүмкіндік береді.

1195848
Ұшақ жолаушыларына Стамбулда тегін саяхат

Түрік Әуе жолдары THY "Touristanbul" жобасы шеңберінде транзит жолаушылардың қаланы тануына мүмкіндік береді.

Халықаралық транзит жолаушыларына Стамбул қаласын тегін аралау мүмкіндігі беріледі.

Стамбул әуежайында 6-24 сағат арасы уақыты бар жолаушыларға екі рейс арасында қаланың тарихи және мәдени жәдігерлерін аралату үшін саяхат ұйымдастырылуда. Стамбул әуежайынан "Touristanbul" көліктерімен жолаушыларды алып,  гидтер Стамбул саяхатына шығарады. Саяхат аяқталғаннан кейін қайтадан әуежайға жеткізіп тастайды.

Жолаушылардың ризашылығын арттыру,  халықаралық транзит жолаушы нарығындағы үлесін арттыру және туризмге қолдау көрсетуді мақсат еткен Түрік Әуе жолдары күн сайын 6 бөлек бағдарлама шеңберінде қонақтарды қыдыртады. Осы бағдарламаларға Босфор бұғазында кешкі серуен де қосылды.

Осы саяхат жобасы 31 қазан күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар