Деректі фильм күндері аяқталды

Стамбулда болған қорытынды кеште түрлі категорияларда жүлделер табыс етілді.

1192255
Деректі фильм күндері аяқталды

Түркия телерадио корпорациясы тарапынан ұйымдастырылған Халықаралық TRT Деректі фильм күндері аяқталды.

Стамбулда болған қорытынды кеште түрлі категорияларда жүлделер табыс етілді.

11-ші Халықаралық TRT Деректі фильм күндерінің Ұлттық кәсіпқой категориясында Үздік фильм жүлдесін Рыдван Караман,  Мәдениет және туризм министрлігі жүлдесін Мурат Ерүн, Үшінші орын жүлдесін Өзер Кесемен алды.

Халықаралық категорияда Алессандро Кассиголи мен Касей Кауфман Үздік фильм жүлдесін иеленді.  Вандебруг Мәдениет және туризм министрлігі жүлдесіне лайықты деп табылды.

Крис Мартин мен Лук Лорентзен Үшінші орын жүлдесін алды.

Ұлттық студент фильмдері категориясында болса Угур Ерсөз бен Нусрет Огузхан Йылдызға Үздік фильм жүлдесі берілді.  Толунай Текмекке Мәдениет және туризм министрлігінің жүлдесі табыс етілді.  Берриз Өзге Мармара Университеті жүлдесі берілді.

Халықаралық, Ұлттық кәсіпқой және студент фильмдері категорияларымен бірге биыл әлі аяқталмаған жобалардың үшеуіне Жобаға қолдау байқауынан жүлде берілді.  Осы жүлде Асуман Ергүней, Фейзи Баран және Муса Акқа берілді.

TRT тарапынан 2009 жылынан бері ұйымдастырылып келе жатқан Деректі фильм күндеріне 101 елден 1605 фильм келіп түсті. Олардың 1397-сі халықаралық байқауға түскен.

Фестиваль бойы 6 бөлек залда 80 деректі фильм көрерменмен табысты.



Ұқсас жаңалықтар