Сыртқы істер министрлігі тарапынан 64 елдің дипломаттарына білім беріледі

Дипломатия Академиясы тарапынан "Халықаралық Жас дипломаттар білім беру бағдарламасы" ұйымдастырылады.

1174263
Сыртқы істер министрлігі тарапынан 64 елдің дипломаттарына білім беріледі

Сыртқы істер министрлігі тарапынан 64 елден Түркияға келген дипломаттарға білім беріледі.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, Дипломатия Академиясы тарапынан "Халықаралық Жас дипломаттар білім беру бағдарламасы" ұйымдастырылады.

Биыл 25-мәрте ұйымдастырылған бағдарлама жас дипломаттардың дипломатия кәсібі қажет еткен қабілет пен өнерлерді жетілдіруіне есе қосуды және дипломаттарға күнделікті Түрік сыртқы саясаты мен халықаралық мәселелерге байланысты мәлімет беруді мақсат етуде.

Анкарадағы бір қонақүйде бүгін басталатын бағдарламаның тұсауын Сыртқы істер министрінің орынбасары Яуыз Селім Кыран кеседі.

64 елден бірден дипломат қатысатын бағдарламада 12 сәуірде сертификат беру рәсімі өткізіледі.

1-21 сәуір арасында өтетін бағдарлама аясында білім алатын қонақ дипломаттар Анкарадағы білім алудан кейін мәдени бағдарламалар көлемінде Чорум Хаттуша, Невшехир Кападокия, Кония, Анталия және Стамбул қалаларында түрліше тарихи және мәдени мекендерді тамашалайды.



Ұқсас жаңалықтар