Анкарада Еуропаның ең ірі тақырыптық саябағы ашылды

1 миллион 300 мың шаршы метрлік алаңға құрылған саябақты президент Режеп Тайып Ердоған ашты.

1167809
Анкарада Еуропаның ең ірі тақырыптық саябағы ашылды

Бас қала Анкарада Еуропаның ең ірі тақырыптық саябағы ашылды.

Wonderland Eurasia 20 наурызда ашылды.

Анкара қалалық муниципалитеті тарапынан 1 миллион 300 мың шаршы метрлік алаңға құрылған саябақты президент Режеп Тайып Ердоған ашты.

Wonderland Eurasia паркына бірінші жыл 5 миллион турист келеді деп жоспарланды.

Жаңа саябақта 23 сәуір мен 5 мамыр күндері аралығында түрлі концерттер болады.

Ұшатын аралдан театрға,  мұз үңгіріне дейін балалар үшін көптеген ойын-сауық мекендері жобаланған саябақта түрлі ағаш пен өсімдік түрлерін де көруге болады.  Саябаққа кіру ақысы бір адамға бір күндік 25 лира,  4 кісілік отбасы үшін 80 лира,  жылдық шексіз билет 950 лира деп белгіленді.

Президент Ердоған саябақтың ашылуына байланысты сүйінші беріп, Анкапарқа 31 наурыз күніне дейін тегін кіруге болатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар