Палуандар 18 медаль алды

Түрік спортшылар чемпионатты екі алтын,  5 күміс және 11 қола медальмен аяқтады.

1160999
Палуандар 18 медаль алды

Сербияның Нови Сад қаласында болған 23 жастан төмен Еуропа күрес чемпионаты аяқталды.

Түрік спортшылар чемпионатты екі алтын,  5 күміс және 11 қола медальмен аяқтады.

Жарыстың соңғы күнінде еркін стильдегі сайыстар өтті.  86 келіде Ариф Өзен ақтық сайыста Ресейлік Арсен Али Мисалалиевпен бетпе-бет келді. Қарсыласы алдында 6-3 есебімен артта келе жатып, жарақат алған Ариф матчты жалғастыра алмай,  күміс медальді иеленді.

Түркия атынан 92 келіде жарысқан Ерхан Яйладжы болса қола медаль алды.

Селахаттин Серт те 61 келіде украиналық қарсыласын алып ұрып, үшінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар