Түркия Сомалиде 5 мың жанұяға киім жәрдемі жасады

Түркия Сомалидің бас қаласы Могадишодағы Денли босқын лагерінде 5 мың жанұяға қиім жәрдемі жасады.

1158133
Түркия Сомалиде 5 мың жанұяға киім жәрдемі жасады

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан жәрдем тарату рәсіміне Түркияның Могадишодағы өкілетті және төтенше елшісі Мехмет Йылмаз, Сомали Төтенше және гуманитарлық істер министрінің орынбасары Абдулрешид Махмуд және Қызыл жарты ай қоғамы лауазымдылары қатысты.

Өкілетті елші Йылмаз Түрік Қызыл жарты ай қоғамының 2011 жылдан бері Сомалиде мұқтаждарға жәрдем қолын созғанын атап көрсетті.

Сомалилік министр орынбасары Махмуд болса Түрік қызыл жарты ай қоғамының жәрдем қызметін мақтан тұтып жаңа киімдердің әсіресе лагердегі балаларды қатты қуантқанын тілге тиек етті.

Қауіпсіздік мәселелері себепті өмір сүргендері аймақтан кетуге мәжбүр қалған Сомалилік босқындар бас қала Могадишоның Денили ауданындағы лагерде қиын шарттарда өмір сүруде.



Ұқсас жаңалықтар