Тарихи жәдігер елге оралды
«Сыған қызы» мозайкасының сынықтары Түркияға жеткізілді.
Америка Құрама Штаттарының Охайо штатындағы Bowling Green State Университетінде тұрған «Сыған қызы» мозайкасының сынықтары Түркияға жеткізілді.
ТР Мәдениет және туризм министрлігі мен университет арасында 5 ай бұрын қол қойылған келісімге сәйкес Зеугма мозайкаларының 12 бөлшегі Түркияға қайтарылды. Түрік қызметкерлерге тапсырылған тарихи жәдігер Америка Құрама Штаттарының Чикаго қаласындағы әуежайға жеткізілді.
Әуежайында Түрік Әуе жолдары компаниясының ұшағына тиелген мозайкалар Түркияға келді.
1960 жылдары Газиантеп қаласында жүргізілген заңсыз қазбаларда Зеугма мозайкалары табылып, олар заңсыз жолдармен шетелге алып қашырылған болатын. 1965 жылы Америка Құрама Штаттарының Bowling Green State Университеті сол жәдігерлерді 35 мың долларға сатып алған. Артынан осы сынықтардың Түркиядағы ежелгі Зеугма қаласының символы «Сыған қызы» мозайкасының бөлшектері екені дәлелденді.
Ұқсас жаңалықтар
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі
Кеше ел көлемінде әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойланды.