Түркия Халықаралық IDEAS Қорғаныс көрмесіне қатысады

Түрік Қорғаныс өнеркәсібі Пәкістанда жүзеге асатын қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне қатысады.

1094383
Түркия Халықаралық IDEAS Қорғаныс көрмесіне қатысады

Түрік Қорғаныс өнеркәсібі биыл «MİLGEM» (МИЛГЕМ) және АТАК тікұшағы экспорттау келісімінің артынан Пәкістанда жүзеге асатын қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне қатысады.

Пәкістанның Карачи қаласында 27-30 қараша күні 10-шы рет ұйымдастырылатын «IDEAS Халықаралық Қорғаныс көрмесі және семинары» әлемнің көптеген мемлекетінен қорғаныс өнеркәсібі өкілі мен жоғары лауазымдының басын қосады.

Түрік қорғаныс өнеркәсібі өкілдері болса Пәкістан Қарулы күштері қолдау берген «IDEAS» көрмесі кезінде Пәкістаннан бастап, аймақ елдері және аймаққа жақын Африка құрлығы мемлекеттерінің қарулы күштерін модернизациялау және күшейтуге бағытталған өнім мен қызметтерді таныту, нарыққа шығару және саудалауын жасайды.

Көрмеге Түркия атынан Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшылығында Қорғаныс өнеркәсібі экспортшылар одағы мен 25 фирма қатысады. Түрік ұлттық павильоны үшін шамамен мың 750 текше метрлік бір алан қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар