Мәдениет және туризм министрі Босния және Герцеговинада

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой Босния және Герцеговина.

1094364
Мәдениет және туризм министрі Босния және Герцеговинада

Министр Эрсой Сараевода Қорлар бас дирекциясы салған Ислам ғылымдары факультеті студенттеріне арналған  жаңа жатақхана мен жәрдем қоры, тұрғын үй және сауда орталығы ашылу рәсіміне қатысты.

Министр Эрсой «Ата-бабаларымыздан мұра ретінде қалған мәдени құндылықтарды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатты Босния және Герцеговина жеріндегі қорлардың қарамағындағы жәдігерлермен байланысты ынтымақтастығымыз біраз уақыттан бері жалғасуда» деді.

Босния және Герцеговина Ислам Одағы төрағасы Хүсейин Кавазович соғыста құлаған қорлардың жылжымайтын мүліктерін қалпына келтірген Түркияға алғыс айтты.

Босния және Герцеговинада қазір қалпына келтіру жұмыстары жалғасқан және қайта салуға қолдау берілген 12 жоба бар.

Министр Эрсой осы жобаларға қолдаудың жалғасатынын атап, ТИКА-мен ортақ жүзеге асырылатын жаңа туризм жобасын сүйіншіледі.

Осында ТИКА тарапынан жөндеу жұмыстары аяқталған және Юнус Эмре институтының пайдалануына ұсынылған Карагөз Бей медресесінің ашылу рәсіміне қатысты.

24 қараша мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған Түрікше шығармашылық конкурсында орын алған студенттерге сыйлықтарын табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар