Атақты спортшы жайлы фильм түсіріледі

Продюссер Мұстафа Услу Сүлейманоғлуның өмірін киноға түсіреді.

1093497
Атақты спортшы жайлы фильм түсіріледі

Продюссер Мұстафа Услу түрік спорт тарихында өшпес із қалдырған зілтемірші Наим Сүлейманоғлуның өмірін киноға түсіреді.

Услу Сүлейманоғлуның аты аңыз болғанын еске салып: «Өте тамаша және әсер қалдыратын фильм болады. Наим Сүлейманоғлу бұл жолы кинода рекорд жасайды» деді.

«Наим - «Time» журналының мұқабасына шыққан сирек тұлғалардың бірі. Мен фильмдерімде оқиғалардың ішкі астарын,  барша біле бермейтін, ешкім байқамаған шындықтарды баяндауды ұнатамын» деді ол.

Продюссердің айтуынша, «Түріктің Геркулесі: Наим Сүлейманоғлу» фильмі 2019 жылы атақты спортшы қайтыс болған 18 қараша күні көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар