АСЕЛСАН әлемдегі 100 фирма арасында 1-ші орында

Түрік лирасы негізінде АСЕЛСАН 2017 жылғы айналымын 42,3 пайыз арттырып 1-ші орынды иеледі.

1061755
АСЕЛСАН әлемдегі 100 фирма арасында 1-ші орында

Әскери электроника өнеркәсібі (ASELSAN) түрік лирасымен 2017 жылғы айналымын 42,3 пайыз арттырып, 100 авиация мен қорғаныс өнеркәсібі арасында бірінші орынға көтерілді.

«Deloitte 2018 Жаһандық авиация және қорғаныс өнеркәсібі қаржылай күш жұмыстары» қорытындысына қарағанда ең ірі 100 фирма орын алған тізімде түрік фирмасы АСЕЛСАН ақша айналымы тұрғысынан 63-ші орынға ие болды.

АСЕЛСАН түрік лирасы тұрғысынан 2017 жылғы айналымында және адам басына шаққандағы айналымын 42,3 пайыз арттырып бірінші орынды иеледі. 12,7 пайыз белсенді табысымен 4-ші, 22,2 пайыз қызмет табысы тұрғысынан 5-ші, 65 мың 145 долларлық адам басына шаққандағы жұмыс табысымен де 8-ші орынға ие болды.

Аталмыш жұмыста айналымы 500 миллион доллардың үстіндегі 100 фирманың көрсеткіштері негізге алынды.

Жұмыс аясында 100 фирманың авиация мен қорғаныс өнеркәсібі табыстарының 2,7 пайыз артып, 685,6 миллиард долларға ұласқаны байқалды.

Әлемде қорғаныс өнеркәсібі табыстары болса 3,9 пайыз артып, 361,5 миллиард долларға көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар