Айға баратын тұңғыш қонақ

Жапон миллиардер 42 жасар Юсаки Маезава Айға баратын тұңғыш қонақ болады.

1052057
Айға баратын тұңғыш қонақ

Ғарыш компаниясы Space X-тің құрушысы Элон Маск Айға баратын тұңғыш арнайы қонақтың кім екенін жариялады.

Жапон миллиардер 42 жасар Юсаки Маезава Айға баратын тұңғыш қонақ болады.

Маезава балалық шағынан бері Айға бару арманы болғанын айтты. Осы сапарында өзіне серік болу үшін бірнеше өнер қайраткерін шақырғанын білдірді.

Жапон миллиардер өнерге деген қызығушылығымен танымал.

Маезава Space X-тің жаңа ғарыш кемесімен Айдың төңірегінде айналып,  Жер шарына қайта оралады.

2023 жылына жоспарланған сапарың мерзімі – бір апта.



Ұқсас жаңалықтар