Түркиядан қайырымдылық үшін биыл 40 елде 156 мың 729 мал сойылмақ

Түрік қызыл жарты ай қоғамы төраға орынбасары Исмаил Хаккы Турунч Кенияда мәлімдеме жасады.

1035958
Түркиядан қайырымдылық үшін биыл 40 елде 156 мың 729 мал сойылмақ

Шетелдегі құрбан іс-шаралары аясында Кенияның бас қаласы Найробиге барған Түрік қызыл жарты ай қоғамы төраға орынбасары Исмаил Хаккы Турунч Құрбан айт жұмыстары туралы мағлұмат берді.

Түрік қызыл жарты ай қоғамы 40 елде жалпы 156 мың 729 құрмандық мал сояды.

Турунч «Әлемде шамамен 7 миллиард адам өмір сүруде. Күн өткен сайын осы адамдардың қиыншылықтары да артып отыр. Түрік қызыл жарты ай қоғамы әлемнің әртүрлі аймағында өмір сүрген бейшаралардың үні болуда» деді.

Әлемнің түкпір-түкпірінде болған табиғат апаттарында Түрік қызыл жарты ай қоғамының жәрдем қолын созғанын мәлімдеген Турунч Ет пен сүт мекемесіне тапсырған құрбандық еттермен дайындалатын қуырдақтарды мұқтаждарға тарататындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар