Түрік төрешіге арнайы шақыру

Чакыр Сауд Арабиясының матчын басқарады.

1034233
Түрік төрешіге арнайы шақыру

Түрік төреші Джүнейт Чакыр Әл Хилал және Әл Иттихад командалары арасында ойналатын Сауд Арабиясы Супер кубогын басқарады.

Түркия Футбол федерациясы жазбаша хабарлама жариялап, Сауд Арабиясы Футбол федерациясының түрік төрешіні арнайы шақырғанын, Орталық төреші кеңесінің бекітуімен Чакырдың Ұлыбританиядағы матчты басқаратынын білдірді. Түрік төреші Лондонда ертең Түркия уақытымен сағат 20.30-да басталатын матчта қызмет атқарады.

Джүнейт Чакырға Бахаддин Дуран мен Тарык Онгун көмекші болады.

Матчтың төртінші төрешісі Сауд Арабиясы Футбол федерациясынан Мұхаммед Алисмаил болады.



Ұқсас жаңалықтар