Анталияда халықаралық фестиваль басталады

Анталия қалалық муниципалитеті ұйымдастырған фестиваль 9 қыркүйек күніне дейін жалғасады.

1033670
Анталияда халықаралық фестиваль басталады

Анталияда халықаралық фестиваль басталады.

19-шы Халықаралық Анталия пианино фестивалі 1 қыркүйекте бастау алады.

Анталия қалалық муниципалитеті ұйымдастырған фестиваль 9 қыркүйек күніне дейін жалғасады.

Дүние жүзінің түрлі елдерінен келетін беделді өнер қайраткерлері орын алатын мәдениет шарасының көркемдік режиссері болса Гүрер Айкал.

Аталмыш мәдени мереке 1 қыркүйек күні Испаниялық өнерпаз Лаура Де Лос Анджелестің концертімен басталады. Әрі ән шырқап, пианинода ойнап,  әрі би билейтін өнерпаз Түркияда бірінші рет сахнаға шығады.

Анталия Мемлекеттік симфония оркестірінің 4 қыркүйек күнгі концертінде болса Жас қабілеттер байқауының жеңімпаздары бірінші рет орын алады. жас қабілеттер байқауы талантты жастарға қолдау беруді мақсат еткендіктен,  жеңімпаздарының әлемге танымал музыканттармен бірге сахнаға шығуына мүмкіндік береді.

Фестиваль аясында жыл сайын ұйымдастырылатын Камуран Гүндемирге арналған жас таланттар концертіне биыл Кенан Татлысы келеді. Бұл концерт 5 қыркүйек күні.

Әлемге атағы шыққан Иван Мелон Луис фестивальдің алтыншы күні сахнаға шығады. 8 қыркүйек күні болса түріктің әлемге атағы шыққан пианисті, сазгері Фахир Атакоғлу және Анталия Мемлекеттік симфония оркестрі «Фильм әуендері концертін» ұйымдастырады.

Түркияның туризм орталығындағы мәдени шара 9 қыркүйек күні Джафер Юсуфтың концертімен аяқталады.

Фестиваль бойынша Гүлчин Анылдың «Ритмдік түстер» атты сурет көрмесі де ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар