Жібек жолы фестиваліне өтініш беру мерзімі басталды

Халықаралық 6-шы Жібек жолы кино-фильм фестиваліне өтініш беру мерзімі басталды.

1030859
Жібек жолы фестиваліне өтініш беру мерзімі басталды

Кино және теледидар актерлерінің кәсіби қауымдастығы «SETEM» мен BAK Академиясы қоғамы тарапынан ортақ ұйымдастырылған 6-шы Халықаралық Жібек жолы кино-фильм фестиваліне өтініш беру мерзімі басталды.

«SETEM» жасалған мәлімдемеде деректі фильм, анимация және қысқа метражды фильм категорияларына қоса, белгілі бір кинематографқа да «Еңбек сыйлығы» табыс етілетіні атап көрсетілді.

Мәлімдемеде көзқарастарына орын берілген Фестиваль директоры Мехмет Гүлерйүз Халықаралық Жібек жолы кино-фильм фестиваліне алдынғы жылдары Түркия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Италия, Грузия, Сирия, Мысыр, Үндістан және Ирак сияқты елдерден жалпы 2 мың 43 фильмнің қатысқанын атап көрсетті.

Гүлерйүз «Жібекжолы елдерімен тарихи және мәдени байланысымыздың осы фильм фестивалі арқылы оданда жетілетінін үміт етеміз» деді.

Алдында Эртунч Шенкал, Толгай Зиял, Хүсаметтин Үнлүоғлу, Ведат Туркали, Эртем Гөреч, Сафа Өнал, Мехмет Динлер, Үлкү Эракалын, Арам Гүлйүз, Неджип Сарыджы, Йылмаз Атадениз, Мемдух Үн, Дугу Сағыроғлу сияқты белгілі кинематографтарға табыс етілген «Еңбек» сыйлығының биыл да BAK Академия тарапынан белгілі бір кинематографқа берілетінін жариялады.

Фестиваль аясында деректі фильм категориясында «үздік деректі фильм», «үздік режиссер», «үздік сценарий» және «үздік көркемдік»; анимация фильм категориясында; «үздік анимациялық фильм», «үздік режиссер», «үздік сценарий» және «үздік аниматор арнайы сыйлығы»; қысқа метражды фильм категориясында болса «үздік қысқа метражды фильм», «үздік актриса», «үздік актер», «үздік режиссер», «үздік көркем режиссер», «үздік көркемдік», «үздік сценарий» сыйлықтары жүлдегерлерге табыс етіледі.

Фестивальде жарысу үшін өтініш беру мерзімі 2018 жылы 1 қазан күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар