Еуроодақтың адам саны 512,6 миллионға ұласты

Еуроодақ мүшесі 28 елдің жалпы адам саны 2018 жылдан бастап, 512,6 миллионға ұласты.

1009655
Еуроодақтың адам саны 512,6 миллионға ұласты

Еуроодақ статистикалық офисі (Eurostat) мағлұматтарына қарағанда 28 елдің жалпы адам саны 2017 жылдың бастапқы кезінде 511 миллион 521 мың 700 еді. Ағымдағы жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 512 миллион 596 мың 400-ге ұласты.

Осылайша өткен жылы Еуроодақтың адам саны 1 миллион 74 мың 700 адамға өсті.

Германия 82 миллион 850 мың адам санымен Еуропаның ең көп азаматымен бірінші орында. Одан кейін кезегімен Франция 67 миллион 221 мың 900, Ұлыбритания 66 миллион 186 мың 400, Италия 60 миллион 484 мың және 46 миллион 659 мың 300 адаммен Испания келеді.

Еуроодақтың ең аз адам саны болған елі Мальтада 475 мың 700 адам бар. Мальтада кейін 602 мың адам санымен Люксембург келеді.

Аталмыш кезеңде Түркияның жалпы адам саны 80 миллион 810 мың 500 адам болып санаққа алынды. Еуроодаққа мүше 28 елде 2017 жылы өлгендер саны дүниеге келгендер санынан асты.



Ұқсас жаңалықтар