Троя мұражайы ашылады

Құрылысы аяқталған мұражай 2018 Троя жылы шаралары аясында ашылады.

996873
Троя мұражайы ашылады

Чанаккаледе 5 мың жылдық тарихы бар Троя ежелгі қаласындағы мұражай биыл ашылады.

Құрылысы аяқталған мұражай 2018 Троя жылы шаралары аясында ашылады.

Орталыққа қарасты Тевфикие ауылындағы байырғы қала мұражайына жыл сайын 500 мыңнан астам адам келеді.

Мәдениет және туризм министрлігінің жобасы аясында 2014 жылы құрылысы басталған Троя мұражайы салынып бітті.

75 миллион лираға түскен ғимарат 10 мың шаршы метр алаңды қамтиды.

Троя байырғы қаласы және Чанаккаледегі басқа да археологиялық алаңдарда жүргізілген қазбаларда табылған экспонаттар осы мұражайға қойылады.

Троя байырғы қаласы 1998 жылы ЮНЕСКО тарапынан Әлемдік мәдени мұра тізіміне қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар