Мәскеуде Түркия көрмесі

Горький саябағында түрік көрмесі ашылды.

987124
Мәскеуде Түркия көрмесі

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде Горький саябағында Түрік Әуе жолдары (THY) және  «National Geographic Traveler» журналының серіктестігімен дайындалған «Түркия – өмірдің дәмін татыңыз» атты көрме ашылды.

Түркияның Ресейдегі өкілетті және төтенше елшісі Хүсейін Дириөз Түрік Әуе жолдарының Ресей мен Түркия арасындағы достық көпірін нығайтуды жалғастыратынын айтты.  «Мәскеу секілді тамаша қаланың осындай таңдаулы саябағында Түркиямызды насихаттау – біз үшін мақтаныш» деді ол.

THY-нің Ресей Федерациясындағы басшысы Мефаил Дерибаш та Ресейде ең көп пунктке ұшатын шетелдік авиакомпания екендерін еске салды.  «Елімізді және еліміздің құндылықтарын насихаттауға көп көңіл бөлеміз. 2018 Әлем кубогы кезеңіне дөп келтіріп, Мәскеудің ең орталық жерінде көрме ашып,  тек орыс азаматтарына емес,  әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдіктерге де Түркияны таныстыру мүмкіндігіне ие болдық» деді ол.

Көрменің беташарында қонақтарға түрік дәмдері ұсынылып,  түрік әуені шырқалды. Көрме 20 шілде күніне дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар