Әлем балалары Бурсада өнер көрсетті

TRT Халықаралық 23 сәуір Балалар фестивалі аясындағы өнер көрсетулер басталды.

953461
Әлем балалары Бурсада өнер көрсетті

TRT Халықаралық 23 сәуір Балалар фестивалі аясындағы өнер көрсетулер басталды.

Биыл Бурса қаласында болатын фестиваль шеңберінде түрлі елдерден келген балалар қаланың орталық аудандарында өз өнерлерін көрсетті.

Йылдырым муниципалитеті Байрак алаңында болған қойылымда сахнаға бірінші болып Палестина группасы шықты.

Артынан Ресей, Черногория,  Солтүстік Кипр Түрік Республикасы,  Гана,  Әзірбайжан,  Грузия,  Албания, Тунис және Малиден келген балалар ұлттық билерін билеп, әндерін шырқады.

Бурса қаласының балалары болса тамаша қойылымды тәнті болып тамашалады.

Инегөл ауданындағы қойылымда болса Кения, Румыния, Өзбекстан және Ливаннан келген балалар өнер көрсетті.

Биылғы Балалар фестиваліне 40 елден 800 оқушы қатысып отыр.



Ұқсас жаңалықтар