Президент 11-ші өркендеу жоспарын таныту бағдарламасына қатысты

Ердоған: Өзін-өзі басқаратын танкілер өндіретін деңгейге жетуіміз керек

915399
Президент 11-ші өркендеу жоспарын таныту бағдарламасына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның өзін басқаратын танклерді өндіретін күйге келетіндерін атап көрсетті. Ердоған Бештепе Миллет мәдениет және конгресс орталығында 11-ші Өркендеу жоспарын таныту жиналысында баяндама жасады.

Президент баяндамасында қорғаныс саласының көптеген өнімінің Түркияның отандық технологияларға ие екенін атап айтты.

Қорғаныс өнеркәсібінде отандық үлестің 65 пайызға өскенін атап көрсеткен Ердоған Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында жүргізген Зәйтүн бұтағы операциясында қолданылған сауытты көліктердің толығына жақын отандық екенін атап көрсетті.

Ердоған «Өзін-өзі басқаратын танкілер өндіретін деңгейге жетуіміз керек және жасаймыз. Енді осыған алаңдамаймыз, өйткені көптеген қару отандық өніміміз» деді.

«Егер біз біреулерге мұқтаж болғанда, Афринде қазіргі табысқа қол жеткізе алмас едік. Дегенмен ешкімге мұқтаж болмай өз кіндігімізді өзіміз қидық» деген Ердоған бүгін азанғы уақыттан бастап, Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған содырлар санының 1 мың 780-ге ұласқанын атап көрсетті.

Президент Асад жақтаушысы террористік топтардың Афринге кіру әрекетімен байланысты «Отандық қаруы мен сауытты көлігі болған соң әскердің де батылдығы арта түседі. Оңтүстіктен осылайша бір әрекет жасағылары келді. Әскеріміз гаубицалар мен  қаруландырылған пилотсыз ұшу аппараттарымен оларға қажетті шараны қолданды» деді.



Ұқсас жаңалықтар