Әуе ойындары үшін хаттамаға қол қойылды

Бүкіләлемдік Әуе ойындарын Түркия өткізеді.

911325
Әуе ойындары үшін хаттамаға қол қойылды

Түркия 2020 Бүкіләлемдік Әуе ойындарын өткізу үшін Халықаралық Авиация федерациясымен хаттамаға қол қойды.

Хаттамаға Швецияның Лозанна қаласындағы Олимпиада үйінде Түрік Әуе мекемесі THK төрағасы Күршат Атылган мен Федерация төрағасы Фритс Бринк қол қойды.

Атылган осында сөйлеген сөзінде Бүкіләлемдік Әуе ойындарының THK тарапынан бірінші рет 1997 жылы өткізілгенін еске салды. «Бесіншісін де THK өткізеді. 2020 Бүкіләлемдік Әуе ойындарының елімізде өткізілуі Түркияның таныстырылуы,  туризмінің және әуе спорттарының дамуы тұрғысынан үлкен пайда тигізеді.  1997 жылғыдан да жақсы деңгейде өткізу үшін федерациямен бірге жұмыстанамыз» деді ол.

Ойындардың Ескишехир, Анталия, Анкара, Муглада және Денизлиде өтетінін айтқан Атылган ойындар үшін инфрақұрылымның едәуір дайын екенін атап көрсетті.

Атылган Ататүріктің «Болашақ –көкте» деген сөзінің де ойынның ұраны ретінде қолданылатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар