2017 жылы Анталияға 10 миллион 500 мың турист келді

Анталия губернаторы Караоғлұ 2017 жылын 10 миллион 500 мың туристпен жапқанын айтты.

875266
2017 жылы Анталияға 10 миллион 500 мың турист келді

Анталия губернаторы Караоғлұ 2017 жылын 10 миллион 500 мың туристпен жапқанын айтты.

Анталия губернаторы Мүхир Караоғлұ Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады.

Осы жылдың Түркия және Анталия үшін туризм тұрғысынан өте болымды өткенін түсіндірген губернатор Караоғлұ 2017 жылын 10 миллион 500 мың туристпен жапқанын айтты.

Өткен жылмен салыстырғанда туризмде 60 пайыздық өсу болғанына назар аударған губернатор Караоғлұ әлемде ешбір аймақта екі жыл ішінде 60 пайыздық өсу болмағанын, Анталияның осы салада тұңғыш екенін білдірді.

2018 жылын жақсы өткізетінін мәлімдеген губернатор Каароғлұ 2018 жылы13-14 миллион мөлшерінде турист күтіп алуды көздегендерін айтты.

Губернатор Караоғлұ басқа салаларда да бірдей табысқа қол жеткізгенін түсіндіріп, Анталияның экспортта 20 пайыздық арту болғанын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар