2017 - Таэквондода рекорд жылы

Түрік таэквондошылар халықаралық чемпионаттарда медаль рекордын жаңартты.

870829
2017 - Таэквондода рекорд жылы

Түрік таэквондошылар 2017 жылы халықаралық чемпионаттарда медаль рекордын жаңартты.

Спорттық жарыстарда 199 алтын,  162 күміс және 313 қола,  барлығы 674 медаль алған түрік таэквондошылар халықаралық аренада Түркияны жақсы танытты.

Түркия Таэквондо ұлттық құрамасы маусымның ең маңызды организациясы Әлемдік чемпионатта үлкен табысқа жетті.

Спортшылар Оңтүстік Кореяда өткен чемпионатта екі алтын және бір күміс медальмен 183 ел арасында командалық есепте екінші орын алды.  Чемпионатта әйелдер 67 келіде Нур Татар Аскари мен 53 келіде Зелиха Агрыс алтын медаль алса, 57 келіде Хатидже Күбра Илгүн екінші орын алды.

Әзірбайжанның астанасы Бакуде өткен Исламдық ұйымшылдық ойындарына 16 спортшымен қатысқан түрік құрамасы бес алтын,  үш күміс және үш қола, барлығы 11 медаль алды.

Түрік таэквондошылар пумсе және паратаэквондо аталымдарында Еуропа және әлемдік чемпионаттарда да жеңіске жетті.



Ұқсас жаңалықтар